Германияға барған әр студентіміздің жұмысы болуы керек
Atlas Visa студенттің Германияда жұмыссыз қалмауын қалай қамтамасыз етеді: жұмыс берушімен нақты сан бойынша келісім, жазбаша бекіту және жұмыс берушілерді тексеру.
Ferienjob туралы көп естисіз: студенттер жиналып, ақша төлеп, Германияға барады, ал ол жақта жұмыс жоқ болып шығады. Бөтен елде жұмыссыз, ақшасыз қалу — ең үлкен қорқыныш.
Atlas Visa-да біз мұны басынан бастап болдырмаймыз.
Біз қалай жұмыс істейміз
- Жұмыс берушімен нақты сан бойынша келісеміз. «Шамамен» деген жауап бізге жүрмейді
- Қай компания, қанша студент, қандай жұмыс — бәрі жазбаша бекітіледі
- Германиядағы серіктесіміз Толыбай жұмыс берушілерді жеке тексереді
- Студентті тек нақты жұмыс орны бар болса ғана жібереміз
Сондықтан бізде орын саны шектеулі. Біз барлығын қабылдай бермейміз, тек жұмыспен қамтамасыз ете алатын студенттерді аламыз.
Біз үшін маңыздысы — көп студент жинау емес, әр студенттің сапары сәтті өтуі.