Бағаға не кірмейді? Қосымша шығындар
Қызмет бағасына кірмейтін шығындар: медициналық сақтандыру, визалық алым, авиабилет және алғашқы күндерге қаражат. Кепілдік, жұмыс таңдау және ауыстыру туралы.
Біздің қызмет бағасы: 20 қазанға дейін 369 000 ₸, 20 қазаннан бастап 610 000 ₸. Сапарға дайындалғанда бұған қоса ескеретін бірнеше шығын бар.
Медициналық сақтандыру
Сақтандыруды өзіміз ресімдемейміз. Бірақ Шенген талаптарына толық сай келетін, тиімді бағадағы компанияны табуға көмектесеміз және барлық шарттарын тексеріп береміз.
Визалық алым
Визаға тапсырғанда елшілікке төленетін алым, шамамен 90 €. Біздің қызмет бағасына кірмейді.
Авиабилет
Германияға барып-қайту билеті. Бағасы күнге және авиакомпанияға байланысты. Қай уақытта, қай рейспен алу тиімді екенін өзіміз кеңес береміз.
Алғашқы күндерге қаражат
Бірінші айлыққа дейін тамаққа және жол жүруге қажетті ақша.
Осы шығындардың бәрін қосқанда да, студент оларды Германиядағы алғашқы жұмыс айында ақтап алады.
Кепілдік туралы ашық айтайын
«Бәріне 100% кепілдік береміз» дейтіндерден сақ болыңыз. Шетелдегі жұмыс, виза, жұмыс берушінің шешімі — мұның бәріне ешкім толық кепілдік бере алмайды.
Біз не істей аламыз?
- бар күшімізді салып, әр кезеңде қасыңызда боламыз
- келісім-шартта жазылған міндеттемелерімізді толық орындаймыз
- оффер шықпаса немесе виза берілмесе, ақшаны келісім-шарт бойынша қайтарамыз
Біздің студенттеріміз төлеген ақшасын ақтап, Еуропаны аралап, елге сыйлықпен оралып жатыр. Бұл — біздің ең үлкен дәлеліміз.
Жұмысты кім таңдайды?
Жұмысты студенттің өзі емес, жұмыс беруші таңдайды. Біз анкетаңызды жібереміз, ал жұмыс беруші оны қарап, орынды өзі бөледі.
Досыммен бірге бара аламын ба?
Бір жерге орналастыруға барынша тырысамыз, бірақ 100% кепілдік бере алмаймыз. Бәрі жұмыс берушінің талабына байланысты.
Жұмысты ауыстыруға бола ма?
- Болады, егер жұмыс берушінің кесірінен қысқарту немесе жұмыс тоқтауы болса. Ондай жағдайда жаңа жұмыс табуға көмектесеміз.
- Болмайды, егер себеп «жұмыс ұнамады», «ауыр екен», «маникюрім сынып жатыр» сияқты болса.
Барлық мақалаларды мұқият оқып шығыңыз. Сұрақтарыңыздың көбіне жауап сол жерде.