Бағасы қанша және не кепілдік бар?

Atlas Visa-мен Ferienjob-қа қатысу бағасы, ол неден тұрады, ақша қайтару кепілдігі және ақша қайтарылмайтын жағдайлар.

Алдыңғы мақалада қызметімізге не кіретінін айттым. Енді ең көп қойылатын сұрақ: «Мұның бәрі қанша тұрады?»

Біз бағаны жасырмаймыз. Не үшін төлейтініңізді, ақшаңыз неге жұмсалатынын ашық айтамыз. Біз үшін ең маңыздысы — бағаның әділ болуы: студент артық ақша төлемеуі керек, ал біз өз жұмысымызды сапалы атқаруымыз керек.

Бағаны қалай есептедік?

Біз бағаны студенттің қалтасы көтеретіндей етіп қойдық. Жұмыс берушілер мен серіктестердің талаптары, команданың шығындары — бәрін есептеп, әділ баға шығардық.

Біздің есебіміз бойынша, студент төлеген соманы Германиядағы алғашқы жұмыс апталарында-ақ ақтап алады.

20 қазанға дейін: 369 000 ₸

  1. Бірінші төлем: 65 000 ₸ — келісім-шартқа отырғанда. Төлегеннен кейін жабық чатқа қосыласыз, құжат жинау басталады.
  2. Екінші төлем: 304 000 ₸ — Job Offer шыққанда. Оффер қолыңызға тигеннен кейін визаға тапсырасыз.

20 қазаннан бастап: 610 000 ₸

  1. Бірінші төлем: 250 000 ₸ — келісім-шартқа отырғанда. Төлегеннен кейін жабық чатқа қосыласыз, құжат жинау басталады.
  2. Екінші төлем: 360 000 ₸ — Job Offer шыққанда. Оффер қолыңызға тигеннен кейін визаға тапсырасыз.

Біздің кепілдігіміз

Барлық тәуекелді студенттің мойнына артпаймыз.

  • Егер келісім-шартта көрсетілген мерзімде Job Offer шығарып бере алмасақ, бірінші төлем 100% қайтарылады.
  • Егер Германия елшілігі визадан бас тартса, екінші төлем толық қайтарылады. Бірінші төлем сол уақытқа дейін атқарылған жұмыс үшін бізде қалады.
  • Германияға барғаннан кейін жұмыс берушінің кесірінен жұмыс тоқтаса: басқа жұмысқа ауыстыруға барынша тырысамыз, баспанамен көмектесеміз, мәселе шешілмесе, келісім-шарт бойынша шешім қабылдаймыз.

Ақша қайтарылмайтын жағдайлар

Біз әділ болуға тырысамыз, сондықтан студенттің өз кінәсінен болған жағдайлар үшін жауап бермейміз.

Сапарға дейін

  • Процестің ортасында райынан қайтып, «енді барғым келмейді» десе
  • «Анам жібермеді», «жігітім қарсы болды», «той болып қалды» сияқты жеке себептермен бармай қалса
  • Студент «маусымда барамын» деп келісіп, сессиядан құлап, летникке қалып қойса. Жұмыс беруші күтпейді, орынға басқа адам алынады
  • Жұмыс берушімен сұхбаттан өте алмаса
  • Өзі туралы жалған ақпарат берсе (тіл деңгейі, жұмыс тәжірибесі, оқу курсы және т.б.)
  • Біздің хабарламаларымызға ұзақ уақыт жауап бермей, байланыстан шығып кетсе

Құжаттар мен виза кезінде

  • Құжаттарды белгіленген мерзімде тапсырмаса
  • Жалған немесе түзетілген құжат ұсынса
  • Визаға жазылған күні елшілікке келмесе
  • Студенттің өз кінәсінен визадан бас тартылса (жалған ақпарат, бұрынғы виза бұзушылықтары және т.б.)

Германияда

  • Жұмысқа кешігіп, себепсіз бармай, ескертулерден кейін жұмыстан шығарылса
  • Жұмыс берушінің рұқсатынсыз жұмысты тастап кетсе
  • Германия заңын бұзып, айыппұл алса немесе депортацияланса
  • Жатақхана ережесін бұзса немесе мүлікке зиян келтірсе

Бұл жағдайларға жұмыс берушінің де, біздің де қатысымыз жоқ.

Біз тәуекелдің бір бөлігін өз мойнымызға аламыз. Сол себепті бұл баға — әділ әрі тиімді баға.