Сәлеметсіздер ме, құрметті студенттер! Біз кімбіз
Atlas Visa негізін қалаушы Мухаммедали Абжан: 2024 жылғы Еуропаға алғашқы сапардан 2026 жылғы 50 студентке дейін. Команда, бағыттар және кіммен жұмыс істейміз.
Менің атым Мухаммедали Абжан, Atlas Visa компаниясының негізін қалаушы әрі басшысымын. Мені танымайтындар үшін өзімді қысқаша таныстырайын.
Мен SDU университетін 2025 жылы бітірдім. Студент кезімде Еуропаны көру мен үшін арман болатын. Бірақ ақпарат шашыраңқы, кімге сенерін білмейсің, алданып қалудан қорқасың, ал жолды көрсететін адам жоқ. 2024 жылы сол қорқынышты жеңіп, Еуропаға өзім барып келдім. Сол сапар менің көзқарасымды толығымен өзгертті: басқа елде өз-өзіңе сенуді, жауапкершілікті, үлкен әлемде өз орныңды табуды үйренесің.
Қайтып келгенде бір ой мазалады: «Неге мұндай мүмкіндік санаулы адамдарға ғана бұйырады? Неге армандап жүрген студент дұрыс ақпарат пен сенімді серіктесті таба алмайды?» Осылайша бәрі басталды.
Біздің жол
- 2024 жыл, досыммен бірге бастадық: 20 студент
- 2025 жыл: 38 студент
- 2026 жыл: 50 студент
Әр жыл сайын сенім артып, студенттер саны өсті. Ал биыл мен маңызды шешім қабылдап, өз компаниямды аштым. Себебі мен жасағым келетін іске, яғни студенттерге шынайы, адал әрі сапалы жол ашуға, өзім ғана толық жауап бере аламын.
Біздің команда
- Мухаммедали Абжан, басшы
- Айжан, виза бойынша сарапшы
- Толыбай, Германиядағы серіктесіміз
- 3–4 менеджер
Бағыттарымыз
- Виза
- Work & Travel
- Шетелде жұмыс
Неге енді мәтін арқылы ақпарат береміз?
Күн сайын бізге 50–100 өтінім түседі. Сұрақтардың көбі бір-біріне ұқсас, сондықтан әркімге жеке жауап беруге физикалық тұрғыда үлгермейміз. Сол үшін барлық маңызды ақпаратты осы жерде, бір жерге жинап беріп отырамыз. Сізден сұрайтыным: оқыңыз, соңына дейін оқыңыз, содан кейін ғана сұрақ қойыңыз.
Біз кіммен жұмыс істейміз?
Шетелге барған әр студент Қазақстанның атынан барады. Оның әрекетіне қарап бүкіл еліміз туралы пікір қалыптасады. Өкінішке қарай, тәртіпті бұзып, жұмыс берушіні тастап кетіп, еліміздің атына кір келтіретіндер де болады. Сондықтан біз жауапкершілігі бар, уәдесінде тұратын, берілген ақпаратты мұқият оқитын студенттермен ғана жұмыс істейміз. Мен әр студентті жеке танып, өзім кепіл бола алатын адамдармен жұмыс істегенді қалаймын.
Алдағы мақалаларда
- набор қашан басталады, қандай мерзімдер бар
- сіздердің ең жиі қоятын сұрақтарыңызға жауаптар
Біз өзімізді мақтамаймыз, бізді нәтиже мен студенттеріміздің пікірлері мақтасын. Экранның арғы жағында кім отырғанын білу үшін басынан бастап бәрін ашық айтып отырамыз.
Бірге алға!