Біздің қызметке не кіреді?
Atlas Visa Ferienjob студенті үшін не істейді: толық ақпараты бар жабық чат, визалық сарапшының құжат тексеруі, төлем, виза және билет бойынша көмек.
Ferienjob-пен баруды шештіңіз және Atlas Visa-ны таңдадыңыз. Енді біз сіз үшін не істейміз? Бәрін рет-ретімен түсіндіремін.
1. Толық ақпарат және жабық чат
Келісім-шартқа отырған әр студентті жеке жабық чатқа қосамыз. Ол жерде сапардың әр кезеңін егжей-тегжейлі түсіндіреміз.
Құжаттар
- оффер шыққанда құжатты қалай тапсыру керек
- визаға қалай жазылу керек
Германиядағы өмір
Германиядағы серіктесіміз Толыбай сол жақта тұрады, сондықтан ақпаратты өз тәжірибесінен береді:
- Германияның заңдары мен айыппұлдары
- күнделікті өмір: не істеуге болады, не істеуге болмайды
- салық мәселелері және салықты қайтару жолдары
- депортқа ұшырамау үшін нені білу керек
- паспорттық бақылаудан қалай өту керек
- қауіпсіздік ережелері
Саяхат
- қайда және қалай баруға болады
- ақшаны үнемдеп, тиімді саяхаттау жолдары
- елге қайтарда сыйлықты қалай тиімді алуға болады
2. Құжаттарды тексеру
Келісім-шартты оқып, төлем жасағаннан кейін құжат жинау басталады. Кейбір құжаттарда кішкене қатенің өзі визадан бас тартуға әкелуі мүмкін.
Сондықтан біздің визалық сарапшымыз Айжан Тлеухановна әр құжатты мұқият тексеріп, қатесін түзетіп береді. Сіз бір қадам да жалғыз қалмайсыз: әр кезеңде қасыңызда боламыз.
3. Төлем және виза
- Құжаттар жіберілгеннен кейін Job Offer шығады
- Оффер шыққанда екінші төлем жасалады. Төлем екі бөлікке ғана бөлінеді
- Визаға жазылуға көмектесеміз, жазылу күні келгенде дайын құжаттарыңызбен барып, саусақ ізін тапсырасыз
- Виза шыққаннан кейін билет алуға да көмектесеміз
Ресми қызметімізге кіретіндер
- екі жақты келісім-шарт
- жұмыс тауып беру (Job Offer)
- тұратын жермен қамтамасыз ету
- құжаттар мен визаға жазылу бойынша толық сүйемелдеу
Телефон: +7 777 308 19 76