Естіген ақпаратқа сыни көзбен қараңыз: хейт, фейк және «кеңсесі жоқ»
Ferienjob туралы чаттардағы фактіні қауесеттен қалай ажырату керек, неге бағамыз қолжетімді және неге тұрақты кеңсесіз онлайн жұмыс істейміз.
Ferienjob-қа барғысы келетін құрметті студенттер!
Сіздердің сауатты, көзі ашық екеніңізді білемін. Барып келгендерден сұрайсыз, салыстырасыз, бәрін мың рет тексересіз. Бұл өте дұрыс.
Бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз: естіген әр ақпаратқа сыни көзбен қараңыз.
- Бұл шындық па, әлде қауесет пе?
- Бұны айтып отырған адам шынымен барған ба?
- Егер бір нәрсе дұрыс болмаса, кінә кімде болған?
Себебі өз қателігін ашық мойындайтын адам сирек кездеседі.
Чаттардағы хейт пен фейк туралы
Ортақ чаттарда агенттіктерді салыстыру қалыпты жағдай. Алайда «бағасы арзан», «кеңсесі жоқ», «алдайды» деген сөздерді естігенде асығыс шешім қабылдамаңыз. Атын жасырып жазатын адамға емес, нақты фактілерге сеніңіз.
«Неге арзан?»
Бізде кеңсе жалдау сияқты артық шығын жоқ, сондықтан бағамыз қолжетімді. Арзан баға — сапасыздықтың белгісі емес.
«Кеңсесі жоқ» деген не әңгіме?
Иә, бізде тұрақты кеңсе жоқ. Және бұл біздің саналы шешіміміз.
Жақында студенттерді офлайн кеңеске шақырдық. Ал келгені бар-жоғы 15 адам болды. Себебі студенттеріміз тек Алматыдан емес: Астана, Шымкент, Қарағанды, Батыс Қазақстан — барлық өңірден. Олардың бәріне «Алматыға кел» деу — жолға, билетке, уақытқа артық шығын.
Біз 21-ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Кеңес, құжат, келісім-шарт — бәрі онлайн жасалады. Келісім-шартты үйде, асықпай, мұқият оқып шығасыз. Сұрағыңыз болса, қоясыз. Келіспейтін тұсы болса, талқылаймыз. Кеңседе асығыс қол қоя салғаннан гөрі бұл әлдеқайда сенімді.
Есіңізде болсын: сенімділік кеңсемен өлшенбейді. Әдемі кеңседе отырып алдайтындар да бар. Ең маңыздысы — нақты келісім-шарт, ашықтық және студенттердің шынайы пікірі.
Күмәніңіз болса
- бізбен барған студенттерге жазып, сұраңыз
- Instagram парақшамызды қараңыз: @atlasvisa_kz
- бізге қоңырау шалыңыз, барлық сұрағыңызға жауап береміз
Әріптестерге айтарым
Біз басқа агенттіктерді бәсекелес емес, әріптес деп санаймыз. Қазақстанда адал агенттіктер неғұрлым көп болса, соғұрлым көп студент Германияға барып, тәжірибе жинайды. Барлық студентті бір агенттік қамти алмайды. Жұмыс та, студент те бәрімізге жетеді.
Ең бастысы — адал жұмыс істеу. Себебі біреудің жасаған қателігі бүкіл Қазақстан студенттерінің беделіне әсер етеді.
«Студенттерден айырылып қаламыз деп қорықпайсыздар ма?»
Жоқ. Әркімнің өз несібесі бар. Бізге сенетін студенттер бар, біз солар үшін жұмыс істейміз. Біз басқаларға қарап емес, өз сапамызға қарап жұмыс істейміз.
Телефон: +7 777 308 19 76