Ferienjob деген не және кім бара алады?
Ferienjob — Work and Travel бағдарламасының Германиядағы баламасы. Оқу курсы бойынша кім бара алады, жас талабы және басты талабымыз — өз бетімен шешім қабылдау.
Бұл сұраққа көбіңіз жауапты білетін шығарсыз. Дегенмен жаңадан қосылған студенттер мен Германияға баруды жоспарлап жүргендер үшін қысқаша түсіндіре кетейін.
Ferienjob сөзі неміс тілінен «каникулдағы жұмыс» деп аударылады: «Ferien» — каникул, демалыс, «Job» — жұмыс. Яғни бұл жазғы жұмыс. Work and Travel бағдарламасын бәріңіз естіген боларсыз, ол көбіне АҚШ-пен байланысты. Ал Ferienjob — соның Германиядағы баламасы. Енді «Ferienjob» деген сөзді естігенде не екенін білесіз.
Неге мен үнемі «студенттер» деймін?
Себебі Ferienjob тек студенттерге арналған бағдарлама. Оған тек студент қатыса алады.
Магистранттар бара ала ма? Иә, бара алады. Резиденттер бара ала ма? Иә, олар да бара алады.
Басты талап: бітіруші курс болмауы керек.
- Бакалавриат (4 жыл): 3-курсқа дейін қоса алғанда бара аласыз, 4-курстан кейін бара алмайсыз.
- Медициналық факультет (6 жыл): 5-курсқа дейін қоса алғанда бара аласыз, 6-курстан кейін бара алмайсыз.
- Магистратура (2 жыл): тек 1-курс магистранттары бара алады.
- Резидентура (3 жыл): жазда демалыс болса, 1 және 2-курс бара алады, 3-курс бара алмайды.
Басқа талаптар
- Міндетті түрде студент болу
- Жасыңыз: құжат тапсырып, Германияға ұшқанға дейін 18 жасқа толған болуыңыз керек. Кейбіреулер университетке 16 жасында түседі, сондықтан мұны алдын ала ескеріңіз.
Біздің басты талабымыз — өз бетімен шешім қабылдай алу
«Анаммен сөйлесіп беріңізші», «әкем қарсы», «жігітім ренжіп жатыр», «маникюрмен жұмысқа барсам бола ма?», «директорымызға хат жазып бересіз бе?» — біз мұндай мәселелермен айналыспаймыз. Оларды өзіңіз шешесіз.
Ойланыңызшы: Қазақстанда отырып өз мәселеңізді шеше алмасаңыз, Германияда, бөтен елде, қиындық туындағанда қалай әрекет етесіз? Біз өз шешіміне жауап бере алатын, есейген студенттермен жұмыс істейміз.
Сондықтан келісім-шартқа отырып алып, кейін «анам жібермей жатыр», «жігітім неге айтпадың деп ұрысып жатыр», «қызым да барғысы келеді, бірге барсақ бола ма?» деген әңгіме болмауы тиіс. Алдымен осы мәселелерді шешіп алыңыз, содан кейін бізге келіңіз.
Неден бастау керек? Мына сұрақтарға жауап беріңіз
- Мен Ferienjob талаптарына сай келемін бе? Студентпін бе, 18-ге толдым ба, бітіруші курс емеспін бе?
- Ата-анам рұқсат бере ме? «Көршінің баласы барып келіпті» деп емес, «менің барғым келеді» деп сөйлесіңіз де, жауапкершілікті өзіңізге алыңыз.
- Жақын адамыңызбен (жігітіңізбен немесе қызыңызбен) сөйлесіп, келісіп алдыңыз ба?
Мұның бәрін тәжірибеден айтып отырмын. Бір студент бүгін жазылады да, бір аптадан кейін «қызым да барғысы келеді, бірге жіберіңізші» дейді. Бірақ қыздар мен жігіттердің жұмысы да, оларға қойылатын талаптар да әртүрлі. Мысалы, неміс тілінсіз бағытқа тек жігіттер қабылданады.
Мен кіммін?
Мен — Мухаммедали Абжан, SDU-дің 2025 жылғы түлегімін. 2024 жылы өзім Еуропаға барып келдім, және сол сапар менің өмірге деген көзқарасымды өзгертті. Сол кезде бір ой келді: «Мұндай мүмкіндікті неге басқа студенттерге де ашпасқа? Неге оны адал әрі түсінікті жолмен жасамасқа?»
Осылайша бастадық:
- 2024 жылы 20 студент
- 2025 жылы 38 студент
- 2026 жылы 50 студент
Студенттеріміз риза болып қайтты, ата-аналары алғысын айтты. Балалары ел көрді, жер көрді, басқа мәдениетті таныды, өмірге басқаша қарауды үйренді. Біз де соған қуанамыз.
2027 жыл
Биыл өз компаниямды ашып, 2027 жылдан да осындай жақсы нәтиже күтеміз. Бірақ «шапалақ бір қолдан шықпайды». Біз өз жұмысымызды, өз жауапкершілігімізді білеміз және бәрін жоғары деңгейде орындауға тырысамыз. Сізден де соны күтеміз: жауапкершілікті өзіңізге алыңыз, жағдайыңызды реттеңіз, содан кейін нақты шешім қабылдаңыз.