Германияда қандай жұмыс күтіп тұр: Deutsch бағыты

Ferienjob-та жұмыс тілге немесе күшке байланысты. Тіл бағыты туралы толық: неміс тілінің деңгейі, жұмыс берушімен сұхбат, вакансиялар және жалақы.

«Қандай жұмыс ұсынасыздар?» деп сұраған әр студентке осы мақала арналған. Шын мәнінде, бұл бәріңізге арналған.

Ferienjob-та жұмыс таңдау екі нәрсеге байланысты: немесе тіл, немесе күш.

Неміс тілін білсеңіз, сізге клиенттермен жұмыс істейтін, жайлы әрі жоғары төленетін орындар ашылады. Тіл әзірге жоқ, бірақ еңбектен қорықпасаңыз, өндіріс бағыты бар. Бұл бағытқа тек жігіттерді қабылдаймыз. Қыздарымыз ауыр жұмысты да жасай алар еді, бірақ біз оларды қауіпсіз әрі жайлы ортада көргенді қалаймыз.

Бүгін тіл бағытын толық түсіндіремін.

Deutsch бағыты

Ағылшын емес, тек неміс тілі. Неге екенін алдағы мақалаларда студенттердің нақты тәжірибесімен түсіндіремін.

Қандай деңгей керек?

Еркін сөйлесіп, сұхбаттан сенімді өте алатындай деңгей.

Сұхбат міндетті ме?

Иә. Сұхбат тікелей жұмыс берушімен өтеді. Оқытушымен де, біздің командамен де емес, сізді жұмысқа алатын адаммен. Сондықтан сұхбаттан өткен студент Германияға өзінің шын біліміне сеніп, нақты жұмыс орнына барады.

«Тілім әзірге А2 деңгейінде, не істеймін?»

Уайымдамаңыз. Қазір тіркеліп, келісім-шартқа отырасыз, тілді жетілдіре бересіз, ал сұхбатты кейінірек тапсырасыз. Ең бастысы — нәтижеге сенімді болу.

Қандай жұмыстар бар

  • гастрономия: кафе, мейрамхана
  • қонақүйде ресепшн
  • кассир
  • клиенттермен жұмыс істейтін басқа да орындар

Ең маңыздысы: тіл қажет ететін жұмыстың жалақысы физикалық жұмысқа қарағанда жоғары. Сіз тек табыс таппайсыз, тілді нағыз ортада, күн сайын жетілдіресіз. Жаздан кейін неміс тілінде еркін сөйлеп қайтасыз. Мұндай тәжірибені ешбір курс бере алмайды.

Неге Atlas Visa?

  • 2024 жылдан бері 100-ден астам студентті жібердік
  • Айжан бастаған визалық сарапшылар әр құжатты тексереді
  • Германиядағы серіктесіміз Толыбай сізді сол жақта да қолдайды
  • Басынан аяғына дейін бәрін ашық түсіндіреміз

Қалай жазылуға болады

Неміс тілін білетін студенттерге набор 20 қазанда ашылады. Набор ашылғанда Telegram-ға мына мазмұнда жазыңыз:

«Мен неміс тілін білемін. Каналдағы ақпараттың бәрін оқып шықтым, өзімді тіл қажет ететін жұмыста көремін және келісім-шартқа отыруға дайынмын.»

Тіліңіз жақсы болса, сізге орын әрқашан табылады. Бірақ ерте бастаған адам ең жақсы вакансияларды бірінші таңдайды.