Бүгін серіктестермен келіссөз жүргіздім

Мухаммедали Ергенбайұлы серіктестермен келіссөз туралы: студенттерді сенімді әрі лайықты жерге жіберу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Құрметті студенттер!

Бүгін серіктестермен келіссөз жүргіздім. Сіздерді сенімді әрі лайықты жерге жіберу үшін барынша тырысып жатырмын. Нәтиже – Алланың қалауында, бірақ Раббымның алдында да, сіздердің алдыңызда да уәде беремін: қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.

Мен үшін ақша бірінші орында емес. Ең маңыздысы – аман-есен барып, аман-есен оралуларыңыз және көңілдеріңіздің толық болуы.

Артымнан «бұл кім өзі?» деп сөз айтатындар да бар. Бірақ командамызбен негативке мән бермейміз, ісімізбен дәлелдейміз. Жауапкершілік алсам, соңына дейін жеткіземін.

Сонымен қатар ересектерді визамен кез келген елге жұмысқа жіберемін. Бірақ мен үшін ең қымбаты – Ferienjob. Өзім 20 елде болдым, саяхат – менің өмірім. Хоббиім мен жұмысымды бір жерден таптым.

Бұйырса, бәрі жақсы болады. Жақсылыққа сенейік!

Құрметпен, Мухаммедали Ергенбайұлы

Atlas Visa командасы серіктестермен онлайн кездесуде Google Meet арқылы серіктестермен келіссөз Серіктестермен онлайн кездесу Германиядағы серіктеспен қоңырау Германиядағы серіктеспен қоңырау