Тіл білмейсіз бе? Германияда сізге де жұмыс бар
Неміс тілін білмесеңіз де, Германияда зауыт, қойма және өндірісте жұмыс істеуге болады. Бағыттың артықшылықтары, бізге кім керек және ашық әңгіме.
Неміс тілін білмесеңіз де, Германияда жұмыс істеп, табыс тауып, Еуропаны аралауға болады. Бұл бағыт күші бар, еңбектен қашпайтын жігіттерге арналған.
Қайда жұмыс істейсіз
- зауыттар
- қоймалар
- өндіріс орындары
Бұл бағыттың артықшылығы
- тіл білу міндетті емес
- жұмыс берушімен сұхбат өтпейсіз
- жалақысы тіл бағытынан онша қалыспайды
Бізге кім керек
- 18 жастан асқан, бітіруші курста оқымайтын студент
- бұрын жұмыс істеп көрген жігіт
- физикалық жұмысқа дайын, төзімді
- шешімді өзі қабылдайтын, жауапкершілікті өзіне алатын адам
Ашық айтайық
Бұл демалыс емес, жұмыс. Аптасына бірнеше күн, толық ауысыммен, аяқ үстінде. Алғашқы апта ауыр болуы мүмкін, бірақ денеңіз үйреніп кетеді, ал айлық келгенде бәрі өз орнына түседі.
Біз мұны алдын ала айтамыз, өйткені Германияға күтпеген жайттарға емес, нақты жоспармен барғаныңызды қалаймыз.
Жұмыстан тыс уақытта
Демалыс күндері Берлинді, Мюнхенді аралайсыз, көрші елдерге барып қайтасыз. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жігіттермен танысасыз. Қазақстанға тек ақшамен емес, нағыз өмірлік тәжірибемен ораласыз.
Өзіңізге бір сұрақ қойыңыз
«Мен бұған өзім барғым келе ме, әлде досым барғасын ба?» Жауабыңыз «өзім» болса, біз сізді күтеміз.
Тіркелу үшін бізге жазыңыз.