Тіл білмейтін қыздар бара ала ма?
Қыздарды еркін тіл білмесе де аламыз, бірақ неміс тілінен базалық деңгей өте маңызды. Неге, оны сапарға дейін қалай алуға болады және қауіпсіздікке кім жауап береді.
Жігіттерге арналған бағытты да, тіл бағытын да түсіндірдік. Енді қыздардың жиі қоятын сұрағына ашық жауап берейін.
Иә, қыздарды еркін тіл білмесе де аламыз. Бірақ неміс тілінен базалық деңгей болуы өте маңызды.
Неміс тілін мүлдем білмейтін қызға Германияда өте қиын болады. Неге екенін түсіндірейін.
Неге базалық тіл керек?
Германияда жұмыс кенеттен тоқтап қалуы мүмкін: жұмыс берушіде тапсырыс азаяды, маусым ерте аяқталады. Ондай жағдайда студентті жаңа жұмысқа ауыстыру керек болады.
Ал жұмыс берушілердің көбі бір ғана талап қояды: неміс тілінен ең болмаса аздап түсіну. Базалық тілі бар қызды басқа жұмысқа тез орналастыра аламыз. Тілі мүлдем жоқ қыз бөтен елде жұмыссыз қалуы мүмкін. Біз бұған жол бергіміз келмейді.
Оның үстіне, базалық тіл күнделікті өмірде де керек: дүкенде, көлікте, дәрігерде, әріптестермен сөйлескенде.
Тіл жоқ па? Шешімі бар!
Бізде неміс тілін нөлден бастап үйрететін курс бар. Германияда тұратын, C1 деңгейіндегі оқытушы сабақ береді. Курс тек ең керекті нәрсеге бағытталған: күнделікті сөйлесу және жұмыс.
Сапарға дейін бірнеше ай бар. Осы уақытта базалық деңгейді меңгеріп алуға толық үлгересіз.
Неге біз бұған сонша мән береміз?
Жігіттер алдында бізде бір жауапкершілік болса, қыздар алдында бес есе артық. Біз сіздің ол жақта қиналғаныңызды қаламаймыз.
Біз үшін көп студент жинағаннан гөрі, әр студенттің аман-есен, жұмыспен, қуанып оралғаны маңызды. Қасықтап жинаған абыройды шелектеп төккіміз келмейді.
Ата-аналар сұрайды: «Қауіпсіздікке кім жауап береді?»
Ашық айтамыз:
- біз жұмыс орны мен баспананың заңды әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз етеміз
- жабық чатта Германиядағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіреміз
- барлық сапар бойы байланыста боламыз
Бірақ студенттер — 18-ден асқан ересек адамдар. Олар өз әрекеттеріне өздері жауап береді. Біз әр студенттің қасында күзетші болып жүре алмаймыз.
Қыздар, дұрыс таңдау жасаңыз
Базалық неміс тілі — Германияда өзіңізді сенімді сезінудің ең оңай жолы. Тілмен барсаңыз, сізге көбірек мүмкіндік, жайлырақ жұмыс және тыныш сапар күтіп тұр.
Германияға тек ақша үшін емес, Еуропаны көріп, саяхаттап, өмірлік тәжірибе жинау үшін барыңыз.
Телефон: +7 777 308 19 76