Work and Travel пе, Ferienjob па?
Германиядағы Ferienjob АҚШ-тағы Work and Travel-дан немен ерекшеленеді: бағасы, виза, сұхбат, жұмыс пен демалыс тепе-теңдігі және Еуропаны аралау.
Шешім қабылдамас бұрын өзіңізге бір сұрақ қойыңыз: «Мен шетелге не үшін барамын?»
Егер мақсатыңыз тек көп ақша болса
Онда Америка, Work and Travel сізге көбірек сай келуі мүмкін. Ол жақта шынымен көп табуға болады. Бірақ оның өз бағасы бар:
- агенттік қызметінің құны әдетте әлдеқайда қымбат
- АҚШ визасын алу оңай емес, ал бас тартылса, ақша көбіне қайтарылмайды
- жұмыс берушімен де, елшілікте де ағылшын тілінде сұхбаттан өту керек
- көп табу үшін студенттер көбіне екі, тіпті үш жұмыс істейді. Саяхатқа уақыт аз қалады
Ал Германияда қалай?
Талаптар түсінікті
Тіл білсеңіз, жұмыс берушімен сұхбаттан өтесіз. Тілсіз бағытта жұмыс берушімен сұхбат мүлдем жоқ.
Виза алу процесі жеңілірек
Оффер шыққаннан кейін құжат тапсырып, саусақ ізін бересіз. Германияның Қазақстанда Астанада да, Алматыда да өкілдігі бар, сондықтан тапсыру ыңғайлы.
Баға қолжетімді
20 қазанға дейін — 369 000 ₸. Бұл соманы студент Германиядағы алғашқы жұмыс апталарында ақтап алады.
Жұмыс пен өмірдің тепе-теңдігі
Германияда жұмыс уақыты заңмен қатаң реттеледі: әдетте күніне 8 сағат, аптасына 5 күн. Жұмыс істейсіз, демаласыз, ұйықтайсыз, ал кешке қала аралайсыз.
Бүкіл Еуропа алдыңызда
Шенген визасымен демалыс күндері Франция, Италия, Нидерланды, Чехия — қалаған еліңізге барып қайта аласыз.
Қорытынды
- Тек көп ақша керек, үлкен тәуекелге дайынмын десеңіз, Америка таңдауыңыз болуы мүмкін.
- Заңды жұмыс, тұрақты табыс, Еуропаны көру және өмірлік тәжірибе керек десеңіз, Ferienjob — сіз үшін.